Танымал әнші Димаш Құдайбергенге америкалық тыңдарманы ерекше сыйлық жасады. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Бүгін мен үшін керемет күн болды! Америкалық Сильвия Сандовал атты тыңдарманым маған тосын сый жасады! Ол кісі 1994 жылы, 24 мамырда, дәл мен дүниеге келген күні әлемдік поп-музыка королі Майкл Джексонның өзінен қолтаңба алған екен. 24 жылдан кейін көзінің қарашығындай сақтап келген ұлы артистің қолтаңбасы қойылған суретті үлкен тебіреніспен маған сыйға тартты! Майкл қағазды тегістеп, ыңғайлап жатып, байқамай жыртып алған екен -«oops, sorry me» деп жазып, қол қойып беріпті. Сыйлығыңыз үшін көп рахмет, Сильвия апай», – деп жазды Димаш Instagram-парақшасында.
Айта кетсек, Димаш Құдайбергенге әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері жиі ерекше сыйлық тарту етіп отырады.