03.09.2015, 03:46

Жақында Ақан Сатаевтың жаңа фильмінің тұсауы кесіледі

abdiruly.wordpress.com

«Рэкетир», «Жаужүрек мың бала» фильмдерімен режиссер ретінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған режиссер Ақан Сатаев халықаралық жобасын көпшілік назарына ұсынуға дайын. 

Оның канадалық әріптестерімен бірлесіп түсірген жұмысы «Хакер» деп аталады. Сатаевтың осы жолғы туындысы АҚШ-та, Канадада, БАӘ және Таиландта түсірілген.

Фильмнің тұсауы Алматыда қала күні қарсаңында өтетін 11-ші халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде кесіледі, деп хабарлайды gakku.kz.

Кино саласындағы маңызды дода 19 қыркүйекте басталады.