$ 494.87  520.65  4.91

Самал Еслямова ана тілін сағынып жүргенін айтты

Қазақстандық актриса Самал Еслямова ана тілін сағынып жүргенін айтты деп жазады Sputniknews.kz.

Самал Еслямова «Айка» фильміне түскен кездері үнемі күй тыңдағанын атап өтті.

«Айкада» жұмыс істеп жүрген кезімде, үнемі күй тыңдайтын едім. Ол кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, күй сені қанаттандырады», — деді актриса NurOtanTalks алаңында.

Еслямова шетелде жүргенде ана тілін сағынатынын жасырмады.

«Мәскеуде қазақ тілін өте сирек естисің. Мен ескі әндерді жақсы көремін, өзім де ән айтамын. Қазақ әндерін естігенде, әбден құрғап қалған жерге су қойып, айнала гүлдей бастағандай күй кешесің. Мені тек өз елінен жырақта өмір сүретін адам ғана түсінетін шығар», — дейді ол.

Самал Еслямова – «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Отандасымыз режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» картинасында басты рөлді сомдап, әлемге танылған еді. Бұған дейін Еслямова ойнаған «Тюльпан» фильмі Канн фестивалінің байқаудан тыс номинациясының бас жүлдесін иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары