$ 447.4  477.55  4.76

«Жүрегім ұшып кетті»: Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесі жайлы «суыт» хабарға қатысты пікір білдірді

ҚР Халық артисі, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы «суыт» хабарға қатысты пікір білдірді.

«Астана» телеарнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында Біржан Хасанғалиев өзіне туыстарының жылап хабарласқанын айтты.

«Әрине мұндай хабарды енді ешкім жақсылықпен қабылдамайды. Өйткені, ол әкең жайлы айтылған.

Қазір ата-анамның келгенін күтіп отырмын. Ақылдасамыз, кездесеміз. Мүмкін сотқа берерміз. Мүмкін өздерінің ұятына тапсырармыз. Кейде біреуді «өлді» десе, ол адамның өмірі ұзарады дейді ғой. Солай қабылдайық. Бір апта ішінде қандай шешім қабылдағанымызды жариялайтын боламыз», - деді Біржан Хасанғалиев.

Еске сала кетейік, өткен аптада Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болғаны жайлы жалған ақпарат тараған болатын. Кейін композитордың өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің тірі екенін мәлімдеп, жайсыз хабар таратқан басылымды сотқа беретінін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары