$ 449.58  486.94  4.86

«Еркеге жетпейді»: Төреғалимен ән айтқан Шахзода көпке ұнамай қалды (ВИДЕО)

Төреғали Төреәлімен дуэт орындаған өзбек әншісі Шахзоданы көпшілік ұнатпай қалды. «Хабар» агенттігі телеарнасынан көрсетілген концерттен үзінді Instagram әлеуметтік желісіндегі qaz_stars тобында жарияланды.

Шахзода концертте Төреғалимен «Алло» әнін айтқан. Желідегілер өзбек әншісін ұнатпай, «Ерке өзіне ғана тән мәнермен шырқау шегіне жеткізіп орындайды» деп мақтап жатыр.

«Еркемен айтқаны ұнайды. Қазақтың Еркесіне жетер ешкім жоқ қой», «Өзіміздің Ерке жақсы орындайды», «Қырғызы да, өзбегі де ұнамады. Еркеге жетпейді», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, күні кеше ғана Төреғали Төреәлі жаңа шыққан фильмінен түскен табысын айтып мақтанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары