Мәдениет & Шоубиз 07.11.2018 сағат 05:29  599

Димаш Құдайберген Лондондағы кешінде марқұм Денис Тенге арналған әнін орындайды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондонда өтетін жеке ән кешінде марқұм досы Денис Тенге арналған әнін орындайды. Қазақстандық әншінің жеке ән кеші туралы хабарды ҚР мәдениет және спорт министрлігі таратты.

Димаш Құдайберген Лондондағы кешінде марқұм Денис Тенге арналған әнін орындайды

Димаш өмірден өткен Денис Тенге арнап SOS d'un terrien әнін орындайды. Бұдан өзге Димаш Құдайберген тыңдармандары сүйіп тыңдап жүрген репертуарындағы өзге де әндерді айтады», — делінген хабарламада.

Біріккен Ұлыбритания патшалығындағы Қазақстан Республикасы және Солтүстік Ирландия елшіліктері атсалысқан Димаш Құдайбергеннің концертін ҚР мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

«Қонақтарға жаңа музыкалық композициялар ұсынылатын болады. Шоу барысында жас орындаушы ән айтып, би билеп қана қоймай, әртүрлі музыкалық аспапта ойнайды. Бұл DQ шоуының тағы бір ерекшелігі болады», – деді министрліктегілер.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді 19 шілде күні Алматы қаласының ортасында өлтіріп кетті. Ол сол сәтте көлігінің айнасын ұрлағандарды ұстап алып жазаламақ болған еді.

Күдіктілер және оқиға туралы хабар бермеген куәгерлер қолға түсті. Қазіргі сәтте олар тергеу изоляторында отыр, сот оларды қамау уақытын үшінші рет ұзартты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Соңғы жаңалықтар