$ 494.87  520.65  4.91

«Айқынның жұбайы бар екенін білмедем»: Жұлдыз Өмірғали «Қалаулымда» жылап қалды (ВИДЕО)

Белгілі әнші Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали «Қалаулым» бағдарламасында жеке өміріне қатысты шындықты айтамын деп жылап қалды.

«КешYou» тобының бұрынғы солисті Жұлдыздың айтуынша, ол алғашында Айқынның жұбайы бар екенін білмепті.

«Елдер бізді ұзату тойынан бері, яғни бір жыл көлемінде жүрген деп ойлап қалды.Шындығында, Айқынмен бірге болғанымызға ендігі үш жылдан асты. Мен басында оның жұбайы бар екенін білмедім. Жүргенімізге жарты жыл болған кезде Айқынның әйелімен бірге түскен бейнебаяны шықты», – деген Жұлдыз көз жасына ерік береді.

Айқынның отбасы бар екенін білген Жұлдыз онымен бір ай араласпай кеткен. Бірақ артынша Айқын таңдауы өзіне түскенін жеткізіпті.

«Оның отбасы бар екенін білген соң, біз бір айдай сөйлеспей кеткен болатынбыз. Содан кейін ол мені таңдайтынын айтқан соң қосылдық. Осылайша қарым-қатынасымызды жасырып жүрдік. Айқын маған әзірге ешкімге айтпауға кеңес беріп, сәті келгенде бәрін өзі түсіндіретінін айтты. Әлі күнге дейін Айқынның айтқанынан шыққан емеспін, не істе десе, соны істеймін», – дейді Жұлдыз.

Сондай-ақ, екінші әйел болып тұрмысқа шыққан әнші экс-продюсері Баян Мақсатқызының атына кір келтіріп жүргені үшін өзін кінәлі сезінетінін айтты.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары