$ 494.87  520.65  4.91

«Мұңайтты да, қатайтты»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алды (ВИДЕО)

ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісова марқұм, белгілі оппозиционер Заманбек Нұрқаділовті еске алды. Күйеуі туралы жазбаны әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына бөлісті.

«Өзіңсіз өткен 13 жыл, Мұңайтты да, қатайтты. Қайтеміз, көндік бәріне, Еске алып тағы отырмыз. Топырағың торқа болсын Зәкем», − деп Жүнісова сөзін мұңая аяқтады.

Әнші Заманбек жайлы не жазса да, халықтың шулап кететінін жақсы біледі. Сол үшін ол соңғы кездері күйеуіне арналған жазбалардағы пікір қалдыру пәрменін өшіріп тастайды.

Еске сала кетейік, билікті сынап жүрген Заманбек Нұрқаділовті 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде 3 жерден атып кеткен. Содан бері неше жыл өтсе де, қылмыс ашылмады. Ал саясаткердің өлімінің қарсаңында ұлы лауазымды қызметке тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары