$ 494.87  520.65  4.91

Алғашқы «Қазақ аруы» атанған актрисаның өз ұстазымен көңілдес болғаны рас па?

Театр және кино актрисасы, «Қазақ аруы – 2011» байқауының жеңімпазы Ләззат Қалдыбекованың өз ұстазымен көңілдес болғаны рас па? Бұл сұраққа ол «Астана» арнасындағы «Ел аузында» бағдарламасында бүкпесіз, шынайы жауап берді.

«Мені ұстазым – Есмұхан Обаевпен көңіл жарастырды дегендер болды. Сол уақыттарда «Қазақ аруы» М.Әуезов театрында өткен болатын. Маған «Өз ұстазыңмен көңілдес болдың. Сол кісі сені көтерді» деген сөздер айтылды. Қалай айтсам, болады сен биікке көтірелген сайын, артыңнан сөз ілеседі екен», – дейді Ләззат.

Ләззат Қалдыбекова күйеуімен бірнеше рет ажырасып, баласы үшін қайта да қосылып көріпті. Бірақ қайтадан бір отбасы бола алмаған. Ендігіде басы бос әнші болашақта екінші әйел болғысы келмейтінін де айтып қалды.  

«Екінші әйел болуға қарсымын. Егер маған сондай ұсыныс түссе, ол еркектің көңіліне қарамаймын. Мен бірінші ол адамның жұбайының жағдайын ойлаймын», - дейді Ләззат Қалдыбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары