«Новая волна – 2015» байқауының қатысушысы, белгілі әнші Әдемі (Динара Қайырова) әлеуметтік желіде өзінің жыртылған ернін көрсетті. Айтуынша, бір айдың ішінде әнші басынан ауыр жағдайды кешірген.
«Қымбатты туыстарым, достарым мен оқырмандарым! Себепті жағдаймен бір ай ешқайда шықпадым. Болған жағдайды жұртпен бөліскім келмеді. Бірақ кейбір адамдардың арқасында әлеуметтік желіге тарап кетті. Сондықтан мұны өзімнің аузымнан естігендеріңізді қаладым. Мен үшін уайымдағандарыңыз үшін рахмет! Ең бастысы, тірімін және денсаулығым жақсы. Жағым өз орнына келді. Иә, ауырады. Ақырындап жараның орны жазылып келе жатыр. Жаным да ауырады. Енді жұмысқа кірісуге де дайынмын. Сіздерден өтінемін, менен не болғанын сұрамаңыздаршы. Бұл жағдайды енді қайта басымнан өткергім келмейді және еске түсіргім де келмейді», – деп жазды Әдемі Instagram-парақшасында.
Әнші сөзінің соңында ендігіде өнеріне баса көңіл бөліп, тыңдамандарын жаңа әндерімен қуантатынын жазған.