$ 447.4  477.55  4.76

Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ән шырқамақ

Күні кеше ғана Лондонда концерт берген танымал әнші Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ән шырқамақ. Бұл жаңалығымен әнші желідегі парақшасында бөлісті.

«8 желтоқсанда «Әлем аруы» байқауында қатысушыларды қолдап ән арнаймын. Көріскенше», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Әнші байқауда «Ұмытылмас күн» әнін орындайтын болады.
 
Айта кетсек, бұл жолы «Әлем аруы» байқауында Қазақстанның намысын қарағандылық Екатерина Дворецкая қорғайды. «Әлем аруы-2018» байқауының финалы 8 желтоқсанда Қытайдың Санья қаласындағы Хайнань аралында өтеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары