Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлының атұстары дүниеге келді! Бірнеше жылдан кейін ұлды болған әншіге дүйім жұрт құтты болсын айтуда.
«Сүйінші! Ақ Зәкем, ұлдың бауы берік болсын! Айзере әпке атанып жатыр екен. Өсіп-өніп, өрде ғана жүре беріңіздер! Құтты болсын, қамшы ұстар!», – деп жазды бірінші болып Роза Әлқожа желідегі парақшасында.
Өнердегі әріптестерімен бірге әншіге желі қолданушылары да жылы лебіздерін бідіріп жатыр.
Айта кетсек, Заттыбек Көпбосынұлының Айзере есімді жалғыз қызы бар. Тұңғышы шаңырақ көтергеннен кейін 10 жылдан кейін ғана дүниеге келген.