$ 494.87  520.65  4.91

«Ринат Гайсин емес пе?»: Отандық әнші жағын кім сындырғанын айтып берді

Осыдан бірнеше күн бұрын жырылған ернін желідегі парақшасына жариялаған белгілі әнші Dinaya (Динара Қайырова) бұған композитор Ринат Гайсиннің еш қатысы жоқ екенін «Время» газетіне айтып берді.

«Мен басымдағы жағдайды жұрттың білгенін қаламап едім. Алайда, әлеуметтік желіде талқыланып кетті. Бұл Ринат Гайсиннің ісі деп айта бастады. Егер мұны Ринат жасаса, онда онымен ара-қатынасымды үзер едім және бірге жұмыс істемес едік», – дейді Динара.

Бұдан басқа желі қолданушылары «Ринаттың әйелі істеген шығар», «Әлде ота жасаттыңыз ба?» деген сұрақтар қоя бастаған.

«Мен арымның алдында тазамын. Ешкімнің отбасын бұзбадым. Мен болмай тұрып, ол отбасы  бұзылған. Қазір ажырасу процесі жүріп жатыр. Мен Ринатпен бірге тұрмаймын. Бала да туып алған жоқпын. Бізді әзірге тек шығармашылық байланыстырады. Бірақ Ринаттың мені сүйетінін білемін», – дейді әнші.

Сондай-ақ, Динара ешуақытта ота жасатпағанын және оған мұқтаж емес екенін де айтты. Ал жағын сындырған адам болса, әншіден кейін кешірім сұраған. Ендігіде ол тек шығармашылықпен айналысып, өмірінің жаңа парақтарын ашатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары