$ 494.87  520.65  4.91

«Авторын білмей жүр едік»: Жазира Байырбекова ұрланды деген әнге қатысты жауап берді (ВИДЕО)

Күні кеше ғана түрік журналисі Оғыз Доған Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына отбасылық дуэт Жанболат пен Жазираның шырқап жүрген «Сенен басқа» әнінің плагиат екенін жазған болатын. Тіпті, бұл сөзіне дәлел ретінде ол «Сенден башканың» видеосымен де бөліскен. Сөйтсе, Байырбекова бұндай «ұрлыққа» шығарма авторын білмегеннен барыпты.

Әнші Messenger-іне жазылған толассыз хаттардың біріне былай деп жауап берген:

«Аранжировкасын жазған Бақыт Шалабаев дегенбіз. Әннің авторын білмей жүр едік. Рахмет».

Еске сала кетейік, Оғыз Доған өлеңнің әнін грек композиторы Манос Хадзидакис жазғанын айтқан. Эмел Сайын мен Фүсун Өнал орындаған бұл туынды 1970 жылы Түркияда танымал әндердің бірі болған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары