Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы енесін көрсетті. Енесі екеуінің қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, күйеуінің отбасын мақтады.
«Мен үшін жақын адамдарыңның алдында өзіңді барынша еркін ұстай білу маңызды. Біз отбасында бір-бірімізбен ашық сөйлесеміз. Мүмкін осыдан болар, олардың қасында қалжыңдаудан, сөйлеуден сескенбеу керек деп ойлаймын. Менің күйеуімнің отбасы тамаша. Біздің қарым-қатынасымыз да керемет. Міне, екі анамның ортасында тұрмын», – деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram-парақшасында.Айта кетсек, Баянның үлкен қызына жігіті осы жылы үйленуге ұсыныс жасаған болатын.