30.11.2018, 06:52

«Біреуі бар»: Ерке Есмаханның туған күнінде алған 303 гүлі жұртты ойландырып тастады

Ерке Есмахан күні кеше ғана 32 жасқа толды. Туған күніне келген 303 розасын желідегі Stories-іне жүктеген әншіге желідегілер түрлі сұрақ қойып жатыр.

Қып-қызыл розалардың суретін жүктеген Ерке гүлдің кімнен келгенін құпия қалдырыпты.

«Неткен сұлулық. Үйге келсем, мені тағы да тосын сый күтіп тұр. Бағанағы 303 раушан гүлін ваннаға әрең сыйғызған едім. Енді екі метрлік мына гүлдер келіпті», − деген Ерке Есмахан өз табынушыларына алғыс айтқан.

Желі қолданушылары оның туған күнінде түскен басқа суретінің астына сыйлық иесінің кім екеннін сұрап, пікір қалдырып жатыр.

«Соңғы кезедері махаббат жайлы көп жазып жүрсіз. Біреу пайда болды ғой деймін өміріңізде?», «Біреуіңіз бар. Білеміз. Қашан таныстырасыз? Бақытты болғаныңызды қалаймыз», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Ерке Есмаханның белгілі тележүргізуші Асхат Садырбайдан бір ұлы бар.