$ 514.65  544.6  5.17

Тамара Асар сахнада аяғы кәмпитке шалынып құлап қалғанын айтты (ВИДЕО)

Танымал әнші, тыңдарманның сүйікті әншісі Тамара Асар сахнада ән айтып тұрған жерінде құлап қалған. Бұл туралы ол өз Instagram-парақшасында жазды.

Әншінің аяғы сахнада шашылып жатқан конфетке тайып кеткен. Құлаған жерінде тұра алмай қалған Тамараға залда отырған Мейрамбек Беспаев орнынан тұруға көмектесіпті.

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда. Бүгінгі концертте сахнаның еденіне конфет шашылып, оған туфлиімнің тақасы мұзға тайғандай сырғып тайып кетіп, құлап барып, отырып қалдым. Өзім тұрып кетейін десем, аяғым қайырылып ауырып бара жатыр, оқыс қозғалыс жасасам, аяқты зақымдайтынымды біліп тұрмын. Салмағымның жеңілдігі мен қимыл-қозғалыс биге жақындығым құтқарды. Оң аяғым шпагатқа қарай кетіп бара жатыр, тепе-теңдікті оң жаққа қарай әрең ауыстырдым. Көрермен болып отырған джентльмендерге қолымды соза беріппін. Ардақ сасқаннан шошып, үлгермей қалды. Сөйтсем, азаматтың төресі, өнердегі өресм Мейрамбегім досым көзі шаранасынан шығып кеткен, сахнаға қарғып мініп, қанатын қарсы жайып, төніп келіп , қолтығымнан демеп, орнымнан тұрғызғаннан кейін бетімнен сүйіп жатыр», – деп жазды Тамара Асар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары