$ 443.85  474.3  4.8

«Жыл таңдауына» лайық емес екенмін»: Әбдіжаппар Әлқожа ренжіді

Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзіне «Жыл таңдауы» сыйлығы бұйырмағанына ренжіді.

Айтуынша, «Жыл таңдауы» сыйлығы фонограммамен айтқан әншілерге берілген. Ал, шарада Әбдіжаппар Әлқожа жанды дауыста ән орындапты.

«Мен жыл таңдауына лайық емес екенмін. Осы жылы дым істемеппін ғой. Фонограммамен айту керек екен ғой. Мотивацияға рахмет Жылдың таңдаулары», – деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, «Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық сыйлығы осымен үшінші мәрте өткізіліп отыр. Танымал продюсер Баян Алагөзова «Онжылдықтағы үздік продюсер» номинациясын алды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары