Танымал әнші Алтынай Жорабаева «Нұр Отан» партиясында жауапты қызметке тағайындалды. Ол бұл қуанышты жаңалығымен өз Instagram-парақшасында бөлісті.
«Бүгін мен үшін ерекше күн болды. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ХХVII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Саяси кеңес құрамының мәдениет саласынан бекітілдім. Алдын ала құттықтауларыңызға рахмет», – деп қуанышымен бөлісті әнші.
Айта кетсек, Алтынай Жорабаева өткен жылы партия қатарына қабылданған болатын.