Отандық танымал әнші Кентал Жаңа жыл мерекесін не себепті тойламайды? Бұл сауалға өнер жұлдызы «7-арнадан» шығатын «Гугулет» бағдарламасында жауап берді.
Әнші бала күніндегі Жаңа жыл мерекелерінің бірінде басынан ауыр жағдайды өткеріпті.
«Жаңа жыл жақсы мереке дейді ғой. Бірақ мен оны қарсы алмаймын. Себебі, Жаңа жыл күні менің мысығым қайтыс болған. Содан бері тойламаймын», – дейді Кентал.
Әншінің эмоциясынан бұл сөзін не қалжыңдап, не шынайы айтқаны анық аңғарылмайды.
Еске сала кетейік, күні кеше ғана телеарналарға сұхбат берген Кентал өмірлік серігін жолықтырғанын, 2019 жылы отбасын құратынын мәлімдеген болатын.