13.12.2018, 04:40

«Менің адамым емес»: Тәуекел Мүсілім 18 жастағы сүйіктісімен айрылысып кеткенін айтты

Белгілі актер Тәуекел Мүсілім 18 жастағы сүйіктісімен айрылысып кеткен. Бұл туралы ол «Хабар» арнасындағы «Одна история» бағдарламасында айтып берді.

«Егер мен өмірімді бір адаммен байланыстырсам, онда біз еш уақытта айрылысып, ажыраспауымыз қажет деп түсінемін. Әрине, таңдау жасау қиын. Бірақ, күндердің бірінде сол адамды жолықтыратыныма сенемін», – дейді Тәуекел.

Айта кетсек, актер осы жылдың жаз айында ғана өмірлік қосағын тапқанын және көп ұзамай үйленетінін айтқан болатын. Алайда, соңғы уақытта ол аруды шын сүймейтінін түсініпті.

«Бір-бірімізге деген сезіміміз жетпеді. Бір танысым «Егер оны сүйетініңе 1 пайыз болса да шүбә келтірсең, онда шын ғашық болмағаның» деп айтқан еді. Маған ішкі даусымыз бізде бірнәрсенің жетпейтінін білдірді. Мен өмірлік жарыммен әртүрлі тақырыпта әңгімелескім келеді. Оның қылықты болғанын қалаймын. Маған айтары таусылмайтын адам керек», – дейді актер.