Сәбит Әбдіқалықовтың бұрынғы жұбайлары – Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаеваның қарым-қатынасы қандай?
Сұлулардың өнерін тамашалуға келген жұрттың бір тобы Алтынайды жақтаса, екіншісі Айгүлді қолдауға келеді екен.
«Бір көрермен гүл әкелді де, мені көзімен атып, жанымнан жұлқынып өтті де, Айгүлге гүл берді. Сосын тағы бір әйел маған үлкен гүл әкелді де Айгүлдің қолына кішкентай гүл ұстатып кетті. Сосын бір кісі екеумізге де бірдей гүл әкеп, «Алтынайдың дауысы бәрібір мықты» деп айтты», – дейді Жорабаева «НТК» арнасына берген сұхбатында.
Ал Иманбаева кейбір кештерге көрермендерді Алтынайға арналған әзілдерімен күлдірітіп алады екен.
«Семірейін десем, Алтынайға қарап семіре алмаймын. Алтынай да ұйықтай алмайды. Өйткені мен арықпын ғой» деп қалжыңдаймын. Сөйтсем, бәрі күледі.
Сосын бір кісі былай дейді: «Бұлар саханада өтірік мәз боп күліп тұр ғой. Қазір былай шықса, бір-бірінің бетін жұлады». Күлкіден өлдім», - дейді Иманбаева.
Айта кетейік, Айгүл Иманбаеваның Сәбит Әбіқалықовтан 1 ұлы, Алтынай Жорабаеваның 4 қызы бар.