Бірнеше күн бұрын жалаңаш денесіне қазақтың ұлттық бұйымдарын тағып суретке түскен тараздық ару әлеуметтік желілерді шулатқан еді. Көпшілік оны сынның астына алып, қазақтың ұлттық әшекейлерін қорламауға шақырған. Ал, бірер күн бұрын дәл сол бойжеткен тағы жалаңаштанып, елімізді ұлы мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қыздың бұл әрекеті жұрттың ашуын шақырды. Алайда, күйеуінің көзіне шөп салып аты шыққан продюсер Баян Мақсатқызы одан ешқандай әбестік көрмегенін Instagram-парақшасында жазып, бойжеткенді жақтап шықты.
«Интернетте тарап кеткен сұлу қыздың суретіне менің де көзім түсті. Бұл жерден нені көрдім? Камераға аса сезімталдықпен қараған сұлу қызды көрдім. Одан кейін ғана оның жалаңаштанған әдемі төсін көрдім. Иә, қыз суретті әдейілеп, яғни өзін көпшілік сөз етсін деген ниетпен қойған болу керек. Қателесуім де мүмкін. Бірақ шынымен мен бұл жерде тек әйелді көріп отырмын. Менің наразылығымды орамал тағып ер адамдардың жыныстық мүшесін кесетін әйелдер, қыздарды арандататын дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, сәбилерін көшеге тастайтын қыздар, ата-анасын қарттар үйіне беретін балалар, сондай-ақ, әйелдеріне жұдырық жұмсайтын ер азаматтар келтіреді. Алайда, бізде олар туралы айтпауды дұрыс көреді. Біз екітүрлі қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Кеудесін жапқан әдемі қызға тас ата аламыз, өйткені ол жауап қайтара алмайды. Ол көзге ашық көрінген нәрсенің бәрінің ұятты емес екенін айтқысы келеді. Бұл жәй менің ғана пікірім, көпшілікпен сөз таластырғым келмейді», – деп жазды Баян Алагөзова.
Сонымен қатар, танымал продюсер соңғы уақытта қоғамның талқысына түскен «Ұят» деген сөзге ескерткіш орнату керектігін атап өтті.