Өткен аптада ғана аман-есен аяқ-қолын бауырына алған эстрада әншісі Маржан Арапбаеваны жақындары перзентханадан шығарып алды.
Бұған дейін «жанымда серігім болар, ер балаға айта алмайтын сырымды айтар қыз бала тапсам деймін» деген Тамара Асар Арапбаеваны перзентханадан өзі шығарып алды. Қос әншінің жанында туыстары мен достары да бар.
Айта кетейік, қыз баланың есімі – Сафия.