$ 494.87  520.65  4.91

«Сүйіп өскен актерім»: Димаш Құдайберген Джеки Чанға шапан жапты

Танымал әнші Димаш Құдайберген әйгілі актер Джеки Чанмен кездесіп, оған шапан жапты. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында жазды.

Әнші Джеки Чан қаншалықты танымал болса да, өмірде өте қарапайым жан екенін айтты. 

«Джеки ағаның қарапайымдылығы туралы айтпаса да белгілі. Бала кезден сүйіп өскен актерім маған әрдайым көріскенде батасын беріп, жол сілтеуден тайынбайды.

Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымда Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім.

Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Күллі әлемді аузына қаратқан кісінің осыншалық қарапайым болып жүргендігі қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін», - деп жазды қуанышпен Димаш.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген мен Джеки Чан 2017 жылы ақпан айында алғаш рет кездескен болатын. Джеки Чан Димаштың өнеріне тәнті болып, оны кездесуге өзі шақырған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары