$ 494.87  520.65  4.91

«Қыздар ашылып-шашылып кетті»: Ернар Айдар хайп қуған аруларды сынады

Белгілі әнші Ернар Айдар өнер жолында жүрген және соңғы уақытта хайп қуып, соған баса назар аударған қыздарды сынға алды. Айтуынша, аруларымыз ешкімнің сөзін елемейтін болған және ашық-шашық жүретін болып барады. Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасындағы «Әңгіме болсын» бағдарламасында сөз етті. 

«Қазір хайпты шектен тыс қолданып жатқандар бар. Негізгі жағын қыздарға аударғым келеді. Жігіттерде де кемшілік бар шығар, бірақ өнер жолына келген кезде қыздар ашылып-шашылып кетті ғой. Соны хайп деп, сол арқылы танылады. Біреудің айтқан сөзін де, ақылын да тыңдмамайды, мойындамайды», - дейді Ернар Айдар.

Алайда, хайп қуағн қыздарға ақыл айтудың қажеті жоқ екенін жеткізді. 

«Кейде ашуың келеді, айтқың келеді. Бірақ, ата-анасы оны сол жолдан қайтара алмады, ортасы қайтара алмады. Оның болмысы солай болса, сана-сезімі солай болса, менің бір ауыз сөзімнен өзгеріп кетпейтін шығар. Біреудің ісі ұнамай ма, оны елеусіз қалдыр дейді. Ашуланба, қарамай-ақ өтіп кету керек. Сонда ол өзінің керек емес екенін түсінеді», - дейді әнші.

Айта кетсек, бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні жалаңаш денесіне қазақтың ұлттық әшекейін тағып суретке түскен тараздық ару шулатқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары