$ 448.89  477.93  4.76

Мейрамбек Беспаев «даусы жоқ әнші» деген Роза Рымбаеваның сөзіне қатысты пікір білдірді

«Бозторғай» әнімен танылып, қазақтың сүйікті әншісіне айналған Мейрамбек Беспаев «даусы жоқ әнші» деген Роза Рымбаеваның сөзіне қатысты пікір білдірді.

«Ардақты достар, алып-қашпа сөзге ермей, алауыздық тудырмай әліптің артын баққанымыз жөн. Менің бағамды көтерем деп, менің әпкем – қазақтың біртуар қызы Роза Рымбаеваның беделіне нұқсан, абыройына тіл тигізбейік!» – деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, өткен аптада Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Роза Рымбаева «Мейрамбек деген әнші бар, даусы жоқ» деген болатын. Беспаевтың тыңдармандары Қуанышқызының пікірімен келіспейтінін айтып, оған түрлі жағымсыз пікір жазған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары