04.01.2019, 06:49

Әйеліне дөрекі сөйлеген Төреғали Төреәлі тағы да сын астында қалды (ВИДЕО)

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі тағы да жұрттың сынына қалды. Көпшілік оны әйеліне дөрекілік көрсеткенін айтуда. Оның келіншегімен қыдырып жүргендегі видеосы желіде қызу талқыға түскен.

Бейнежазбада әнші телефон камерасын әйеліне қаратып  «Құс болып ұшсам, не етер едің?» деген сұрақ қояды. Алайда, құшағындағы әйелі жауап беруге асықпаған. Сол сәтте Төреғали да телефон камерасын өшіре салады.

Бұл ретте желі қолданушылары Төреғалиді әйеліне дөрекі сөйледі деп сөккен. Ал кейбіреуі болса, оның бұл қылығын қалжың деп түсіндіріуде. Сондай-ақ, олар әнші мен әйеліне бақыт тіледі.