Осыдан бірнеше ай бұрын «шетелде тойым болады» деп елді шулатқан актриса Айгүл Иманбаева жүкті ме? Әлеуметтік желі қолданушылары осылай деп шуласып жатыр.
Өнер жұлдызы дәл қазір Дубайда жүр. Демалыстағы суреттерден Иманбаеваның толықсып кеткенін анық аңғаруға болады.
«Аяғыңыз ауыр ма?», «Кімнен жүкті боп қалдыңыз? Тойыңыз болмай ма?», деп жазылған ондаған пікірге емес, «Аман-есен босанып алыңыз» деген оқырманына актриса жай ғана: «аумин» деп жазып кетіпті. Демек әншінің жүкті екенін шындыққа жанасатындай.
Айта кетейік, Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші әйелі болған. Олардың ортақ некелерінен Асылжан есімді ұл бала бар.