Мәдениет & Шоубиз 14.01.2019 сағат 11:46

Димаш Құдайберген америкалық дарындылар байқауы басталмай жатып, үздік атана бастады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген басталуына әлі бір ай бар америкалық дарындылар байқауының үздігі атанды.

Димаш Құдайберген америкалық дарындылар байқауы басталмай жатып, үздік атана бастады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

CBS телеарнасында 3 ақпанда жаңа ірі жоба The World's Best («Әлемнің үздіктері») басталады. Ұйымдастырушылар The Voice («Дауыс»), America's Got Talent («Америкада дарындылар бар»), The X Factor байқауларынан кем түскісі келмейді.

Ресми көрсетілімге бір ай қалғанда интернетте шоудың үзінділері жариялана бастады. Байқау басталмай жатып фанаттардың сүйіктісі белгілі болды деп жазды Meaww басылымының тілшісі Рейчел Виндзор.

«Қысқа видеотрейлерде Димашты көрсеткеннен кейін, фанаттар шоуды асыға күтіп жүргенін айтты. Тыңдармандардың пікірінше, Димашқа ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ, оған бүкіл әлем бас иген», – дейді Виндзор.

Димашты Қазақстанда ғана емес, Перуден бастап Оңтүстік Африкаға дейін барлық елде жақсы көреді, деп атап өтті автор.

«Димашқа өз ана тілінде ән шырқаған ыңғайлы сияқты. Бірақ енді ағылшын тілінде айтқанын көреміз, сол кезде оның қабілетіне куә боламыз. Әзірге бірнәрсе анық: ол жеңілетін болса, табынушылары қатты қамығады», - деп санайды тілші.

Димаш Қазақстан атынан қатысып отырған жалғыз әнші емес. «Голос. Дiти» байқауының жеңімпазы, «Балалар Евровидениесіне» қатысушы Данэлия Төлешова да бұл конкурста бағын сынамақ.

CBS арнасындағы бағдарламаны комик Джеймс Корден жүргізеді, ал әділқазылар алқасында – актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші РуПол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Қатысушылар үш жюриді ғана емес, әр саланың 50 сарапшысын таңғалдыруы тиіс.

Бағдарлама барлығы 10 бөлімнен тұралы. Жобаны ұйымдастырғандар: American Idol («Америкалық идол») атқарушы продюсері Майк Дарнелл мен The voice атқарушы продюсері Марк Бернетт.

Дереккөз: Sputniknews.kz.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар