Қазір өнер жұлдыздарының көбі шетелде саяхаттап жүр. Әнші Айқын Төлепберген де екінші әйелі Жұлыз Өмірғали мен ұлын алып, мұхит асып кетті.
Жұлдыз да Айқын да Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларына Нью-Йорктегі суреттерін жариялаған.
«Менің балаларым жылына 2 рет дүние жүзінің түкпір-түкпіріне саяхаттап тұрады. Аллаға шүкір, бірақ қай жерде жүрсе де, өз Отанын сүйетін патриоттар болып өсетініне кәміл сенемін», – деп жазған Айқын.
Айта кетейік, жақында Жұлдыз Өмірғалидің екінші сәбиіне жүктілігі жайлы видео желіге тарап кеткен. Көпшілік олардың саяхатын осы бір қуанышты жаңалықпен байланыстырып отыр.
«Айқынға тағы сәби туып берейін деп жатыр ғой. Соған сыйлығы шығар», «Жақсылап демалып қайтыңыздар», – деп жазды желі қолданушылары.