$ 446.49  475.38  4.79

«Есіңді жи, қарындас»: қазақ жігіті Шырын Нарчаеваға ән арнады (ВИДЕО)

Аты-жөні белгісіз қазақ Шырын Нарчаеваға ән арнады. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі @majorka.kaz парақшасында жарияланды. 

Жігіт өлең жолдарын Ернар Айдардың «Жарай ма?» әніне салып орындаған. 

«Шетелде қаншама жұлдыздар болса да, 

Еліктеме оларға арды сақта қалайда.

Сен болашақ анасын, 

Талай бала табасын, 

Есіңді жи, қарындас, жарай ма?», – деп әндеткен жігіт Нарчаеваның ортанғы саусағын көрсетіп тұрған суретін лақтырып жібереді. 

Желі қолданушылары болса, елді шулатқан қызды мұндай әнмен тоқтату мүмкін емес деген пікірде. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шырын Нарчаева қазақтың ұлттық киімі сәукелені киіп, жалаңаш денесіне әшекей тағып, жұрттың ашуына тиген. Кейін кешірім сұратқысы келгендерге бойжеткен ортаңғы саусағын көрсеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары