Қатерлі ісікке шалдыққан жаңазеландиялық әжейдің өмірі Димаш Құдайбергенмен кездескен соң күрт өзгеріп кетті. Қазақстандық әншінің өнерін Youtube желісінен тамашалаған ол бірден Ақтөбеге аттануды жоспарлаған деп жазады NUR.KZ.
Түркістан облысы Түлкібас ауданының тумасы Олжас Әбілдабеков пен Жазира Тұрғынова 2007 жылы үйленген. Ол кезде Олжас 19 жаста, Жазира 17 жаста еді. Бүгінде 7 баланың ата-анасы. Үлкені 9 жаста. 4 ұлы мен 3 қызы бар. Кенжесіне 8 ай толды. Балалардың арасы 1 жылдан асады.
«Мектеп бітірген соң Ұзынарық ауылында тұрмысқа шықтым. 11 жыл біргеміз. Күйеуіме жұмыс іздеп, Шымкенттің Жұлдыз елдімекеніне келдік. Қазір пәтер жалдап тұрамыз», – дейді Жазира.
Үйдің отағасы әлі де жұмыс іздеп жүр. Мемлекеттен жәрдемақы алады.
«Мен балаларды қарап, үйде отырам. Оларды мектепке апарып, тамағын беру керек. Қазір төртеуі оқиды. Кейде күнделікті тамаққа ақша жетпей қалады. Көршілеріміз, туыстарымыз көмектеседі. Ең кішіміз 1 жасқа толғанда қалай күн кешетінімізді білмеймін. Қазір соның жәрдемақысымен күн көріп отырмыз», – дейді Жазира.
Олжас Әбілдабековтың айтуынша, ол пәтер алу кезегіне тұрмақ, бірақ әлі құжат өткізбеген. Жас отбасы жас болғанына қарамастан 7 баланы ата-анасы болғанына шүкір етеді. Балалары табысты адамдар болса деп армандайды.