Белгілі продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек той көйлегін Парижде сатып алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазып, көпшілікке мақтанышын жеткізді.
«Біз Праижге той көйлегін таңдау үшін келген едік. Бірақ қуанышымызға суреттегі көйлекті кимеймін. Бұл өзіме ұнағандардың біреуі болатын», - деді Айсәуле Бақытбек.
Өз кезегінде желі қолданушылары Баянның қызына бақыт тіледі. Ал кейбіреуі болса, той көйлегін сатып алу үшін Парижге барған Айсәулені сынға алды. Сондай-ақ, әкесінің үйлену тойына қатысатынын сұраған.
Айта кетсек, 2018 жылдың желтоқсанында кездесіп жүрген жігіті Айсәуле Бақытбекке сырға салған болатын.