Мәдениет & Шоубиз 21.01.2019 сағат 04:09

Ақтөбеде лифтіде қысылып көз жұмған журналистің отбасы Қарақатты іздеп Астанаға келген

Ақтөбеде лифтіде қысылып көз жұмған журналист Айзат Әбдісаматтың жұбайы мен қызы Астанаға әнші Қарақат Әбілдинаны іздеп барған. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Ақтөбеде лифтіде қысылып көз жұмған журналистің отбасы Қарақатты іздеп Астанаға келген
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айзат студент кезінде Қарақатпен жақсы араласыпты. Тіпті үй шаруасы мен балаларын қарасуға да қолғабыс тигізген. 

«Ақтөбеден марқұм Айзатымның жолдасы Қайрош пен қызы Іңкәр Астанаға апаларын іздеп келіпті. Алтындарым-ау, жантүршігерлік оқиғаны бастарынан кешкендеріне бір жылға жуық уақыт өте шыққан екен. Көз алдында жан тапсырған анасымен болған лифтідегі қаралы оқиғаны үлкен адамдарша әңгімелеп айтып отыр. Мамамның аяғын лифт қысты да, ол ұшып кетті дейді. Жарығым-ау, жазмышқа не дерсің? Жаратушы иеміз жарылқасын. Ақтөбеге барсам бір іздеп барармын деп жүргенде өздерінің іздеп келгеніне ішім жылып, біраз шер тарқатып, аяулы жанның асыл бейнесін есімізге алып артында қалған қызына қарап «шүкір» дестік. Жұмадағы тілеген тілектер қабыл болсын! Әр отбасына бақыт тіледік!» – деп жазды әнші. 

Еске сала кетейік, танымал тележүргізуші Айзат Әбдісамат 4 сәуір күні Ақтөбедегі өзі тұратын үйдегі лифтте қаза тапты. Айзат о дүниелік болар сәтте қасында оның үш жасар қызы болған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар