Эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова жеке ән кешінде сахнада бірнеше минут жылап тұруының себебін түсіндірді. Бұл туралы әнші «Хабар» телеарнасынан шығатын «Таңғы хабар» бағдарламасында айтты.
Студияда бағдарлама жүргізушілері Әуелбекованың концертте жылаған сәтінен үзінді көрсетті. Өнер иесі де осы сәттің хит болғанын жақсы біледі екен.
«Менің концертімде хит болған жері осы ғой. Адамның шыдамының шегі болады екен ғой. Сол шыдамымның сахнада таусылғанына таң қалдым. Жиналып қалған.
Көрермен қанша уақыт сахнада жылап тұрсам, сонша уақыт күтті. Алғысым шексіз. Бәрі сонымен кетсін», – деді әнші.
Еске сала кетейік, Астанада бірінші рет жеке ән кешін өткізген Мөлдір Әуелбекова сахнаға әкесін шығарып, эмоцияға ерік берген еді.