$ 494.87  520.65  4.91

Дубайда демалып жүрген Альбина Шардарованың жүкті екені рас па? (ВИДЕО)

Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова Дубай қаласында демалып жатыр. Жұлдызды жұптың шетелде жүрген видеосын көрген жұрт олардың жақында сәбилі болатынын аңғарып қойды. Альбинаның жүкті екенін білген көпшілік оның сыртқы келбетіне қарап ұлды болатынын болжады  деп жазады Stan.kz.

2018 жылы шаңырақ көтерген бұл жұпты алғашқыда сынаушылар қатары көп болды. Көпшілік бірінші некесі сәтсіз аяқталған Бауыржанға сенімсіздік танытты. Нәзік үні мен болмысымен елдің жүрегін баураған Альбинаны оған қимады. Алайда уақыт өте келе Сатовтар отбасына ел тарапынан жылы лебіздер айтыла бастады.

Мәселен, күні кеше Альбинаның аяғы ауыр екенін білген желі оқырмандары оның сұлулана түскенін атап өтіп, ұлды болуын тіледі.

Ит жылында шаңырақ көтерген Артур Төлеповтің де әке атануға дайындалып жүргенін айта кетейік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары