$ 494.87  520.65  4.91

Артур Төлеповтің бірінші баласы дүниеге келді

Қазақстандық актер АртурТөлеповтің бірінші сәбиі өмірге келді. Сүйінші хабарын өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Сүйінші! Біз ата-ана атандық! Періштемізді көктемде күткенбіз негізі. Бірақ «7 айымда да адам боламын» дегені шығар, бүгін «есік қағып» келіп тұр. Негізі айтқым келмеген, әлі кішкентай ғой деп, бірақ көптің тілеуі көл болар дейді ғой, дұғада болыңыздар», – деп жазды Төлепов. 

Актердің ұлды болуымен өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары жарыса құттықтап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары