Мәдениет & Шоубиз 26.01.2019 сағат 11:26

«200 мың доллар қарыз болдым»: Бағлан Әбдірайымов казиноға әуес болғанын айтты

«Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов бір кездері өзінің казино ойындарына құмар болғанын айтты. Бұл әдетінен біраз уақытқа дейін арыла алмай жүріпті.

«200 мың доллар қарыз болдым»: Бағлан Әбдірайымов казиноға әуес болғанын айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Әр адамның бойында өзінің құмарлығы болады. Бастапқыда казинода міндетті түрде ұтады екенсің. Жиі ұтқаннан кейін екі казиноға жолым жабылды. Ұтқанда 500 мың доллар немесе миллион доллар ұтқан жоқпын.  500 доллар, 1000 доллармен ойнайтын едім. Бастысы ұтылмай қайту деген қағидам болған», – дейді әнші  TalkLike бағдарламасында.

Алайда, Бағлан Әбдірайымовтың казинода жеңістен бұрын жеңілістері көп болған екен. Ақырында 200 мың доллардың шамасында қарыз болып шыққан.

«Ең бірінші 30 мың доллар ұтылдым. Бір үстелде 24 сағат отырып ойнаппын. 30 мың долларды 4 рет ұтылып, 4 рет қайтарып алып, соңында шамам келмегеннен кейін ұтылып қайттым. Кейін 15 мың доллар апарып ойнап, оның үстіне 10 мың доллар қосып ұттым. Бәрібір кешегі 5 мың долларым жетпей тұр. Соны ұтып алсам қоямын деп ойладым. Сөйтіп әр барған сайын осылай қалдырып кетіп отырдым. Аз уақыттың ішінде қарыз болып қалғанмын.  200 мың доллардың шамасында қарыз болдым», – дейді «Жігіттер» квартетінің мүшесі.

Алайда, әнші казиноның құмарынан ертерек шыға алған. Оған себеп, қарызданып әбден зығыры шығыпты. Тіпті соның кесірінен көп адамдарға жексұрын да болған. Кейіннен құмар ойынын тастауға бел буыпты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар