Дубайда демалыста жүрген әнші танымал Қайрат Нұртас қымбат көлікке мініп, видеосын Instagram парақшасына жүктеді. Алайда, оның бұл мақтанған әрекетін желі қолданушылары жақтырмай қалды.
Қайрат Нұртас соңғы уақытта отбасымен бірге шетелде жиі демалысқа шығып жүр. Одан бұрын ол балалары мен келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімоваға аз уақыт бөлетін. Ал осы жылы анасы, әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әнші ұлының ұзақ демалуына рұқсат берген. Бейнежазбада әнші өзінің дәл осындай қымбат көлік тізіндегісі келетінін жасырмапты. Кейбір желі қолданушылары оны мақтаншақ деп сынға алса, енді бірі тілеулес болған. Айта кетсек, мұның алдында әнші Германияда демалып қайтқан болатын.