31.01.2019, 06:46

«Қылмыскер деуге қимаймын»: Есей Жеңісұлы Гауһар Әлімбекованы жақсы танитынын айтты

30 қаңтар күні Алматыда эстрада әншісі Гауһар Әлімбекова«Алаяқтық» бабымен 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Өнер иесімен 20 жылдан астам уақыт таныспын деген журналист Есей Жеңісұлы әншіні қылмыскер деуге қимайтынын айтады.

Бір кездері журналист өзінің де алаяқтарға алданғанын жазған. Десе де, Әлімбекованың бұндай қадамға баруы мүмкін емес дейді ол. 

«Гауһар әпкем сияқты жақсылық жасағысы келіп, тым «шаруақор»  біреуге қоса алданған адамдарым осы күні мені көрсе, кірер тесік таппай қысылып кетеді. Әрине, мен 40 мың доллар берген жоқпын. Сондықтан орайсыз сөйлеп отырған болармын. Бірақ Гауһар әпкемді 1998 жылдан бері білетіндіктен, оның табиғатын түсінетіндіктен, бірнеше әніне автор болып бірге жұмыс істеп көргендіктен, аяулы әншіні «қылмыскер» деп атауға қимаймын», - деп жазды Есей Жеңісұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Гауһар Әлімбекованың телеарналарға берген сұхбаттарын жазған болатынбыз.