$ 514.65  544.6  5.17

Қайрат Нұртас отбасымен бес қызынан айрылып қалған ата-анаға көңіл айтты (ВИДЕО)

Біріккен Араб Әмірлігінде отбасымен демалыста жүрген белгілі әнші Қайрат Нұртас күні кеше ғана Астанада қапыда бес баласынан айрылып қалған ата-анаға көңіл айтты.

Әнші ата-анасы және әйелімен бірге орны толмас қазаға өз өкінішін жеткізді. Ол бүлдіршіндердің жақындарын бекем болуға шақырған.

«Кешегі марқұм болған бес сәбиімізді Алла панасына алсын. Қазақ үшін орны толмас қаза болды. Менің атымнан және де отбасымның атынан көңіл айтамыз. Ата-анасына Алла тағала сабыр берсін. Тек жақылық болсын, ағайындар», - деп видео жолдады Қайрат Нұртас.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында времянкадан өрт шыққан болатын. Тілсіз жауды сөндіру кезінде 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары