$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Шоубиз 13.02.2019 сағат 06:36

Баян Алагөзова сахнада жылап жіберді

«Жыл таңдауы-2018» жобасы күні кеше отандық телеарнадан көрсетілді. «Онжылдықтағы үздік продюсер» номинациясының жеңімпазы Баян Алагөзова сахнада көз жасына ерік беріп, сөз сөйледі. 

Баян Алагөзова сахнада жылап жіберді

Сөзін алғыс айтумен бастаған Алагөзова даусы дірілдеп, сахнада қобалжып тұрды. 

«Шынымды айтсам бұл менің өмірдегі бірінші сыйлығым. Босқа жұмыс істемедім. Мен үшін бұл сыйлық ең бағалы заттардың бірі боп қалады. Бүгін осыны құшақтап ұйықтайтын шығармын», – дейді  продюсер. 

«Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық сыйлығы осымен 3-мәрте өткізіліп отыр. Биыл аталмыш сыйлыққа қатысуға 470 әртіс өтінім берген. Олардың ішіндегі үздіктердің үздігін таңдаулы төрешілер, эстрада әртістері мен онлайн дауыс беру тәртібімен қазақстандықтардың өздері таңдап алды. 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар