Былтыр шілде айында шаңырақ көтерген эстарда жұлдызы Абай Бегей ұлды болды. Қуанышты жаңалығымен әнші «31-арнадан» шығатын «Айта берсін» бағдарламасында бөлісті.
Жаңа туған сәбидің аты – Мүсілім. Бұл есімді Абайдың үлкен ұлы қойыпты.
«Өмірге ұл келіп жатыр. Қуаныштымын. Алла салиқалы ұрпақтардан болуды нәсіп етсін», – дейді келіншегі мен сәбиін перзенханадан шығарып, үйіне бара жатқан әнші.
Айта кетейік, 2015 жылы әйелі өмірден өткен Абай Бегейдің бұрынғы некесінен 3 қыз және 1 ұл бала бар.