$ 498.34  519.72  4.85

«Бермей қоймаса болды...»: Бес баланың әкесі атанған әзілкеш 21 мың теңгеден үмітті екенін айтты (ВИДЕО)

Жақында ғана бесінші баланың әкесі болған «Өнер қырандары» театрының актері Мадияр Серікбаев көпбалалы отбасыларға берілетін 21 мың теңге жәрдемақыға өзінің де үмітті екенін айтты.

«Аллаға шүкір, бесінші бала. Сонша тырысқанда енді, бермей қоймаса болды. Анау деп, мынау деп, айлығың мынадай деген сияқты», - деп перзентханадан бесінші сәбиін шығарып алған актер әзіл-шыны аралас сөйледі.

Айта кетсек, Мадияр Серікбаев пен келіншегі Дана Тұрарбек бүгінде үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Ол бесінші баласын перзентханадан шығарып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары