20.10.2015, 09:48

Астанада халықаралық өнер фестивалі өтеді

Астанада 29-30 қазан күндері  «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған «Шетелде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі» өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастырда.

Фестиваль аясында ақындар мүшәйрасы, термешілер сайысы және суретшілер көрмесі ұйымдастырылады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, алғысхаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары және алыс-жақын 20-дан астам шет елден қазақ диаспорасы өкілдері, мәдени орталықтарының жетекшілері және өнерлі жастары арнайы шақырылады.

Фестиваль Қазақ Гуманитарлық-Заң университетінің концерт залында өтеді.