$ 447.4  477.55  4.76

Қарағанды студенттері әйелдер мерекесіне твист биледі

Сахна шымылдығы домбыра оркестрінің орындауындағы Құрманғазы Сағырбайұлының шығармасымен ашылып, «Жыр Жауһар» ақындар клубының қатысушыларының өз шығармашылығын оқумен жалғасты. Олар өлеңмен әйел әдемілігін әлем әдемілігімен ұштастырып, көңілдерді «құшақ-құшақ» қуанышқа толтырды.

«Golden step» би театрының солистері көрермендерді әдемі би композицияларымен қуантты. Вокал үйірмесінің қатысушылары да өз өнерін көрсетті. Нұркен Майданов, Дана Ералиева, Ульяна Ворончихина және Мақсат Сражадинов көктем мерекесіне арналған әдемі әндерін орындады. Жастармен жұмыс жасау бөлімінің шығармашылық ұжымы қойған концерттің әр нөмірі кәсіби дайындықтарының жемісін айшықтады.

В.Б.Молотов-Лучанский, С.С.Бобырев және Д.А.Клюев оқытушылар құрамындағы көңілді-тапқырлар клубының өнері көрермендерді таң қалдырды. Ер азаматтар твист билеп, залдағы көрермендерді де ортаға шығарды.

Сахна шымылдығы Айдар Төлеевтің «Қыз бала - гүл» әнімен жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары