Белгілі продюсер, әрі әнші Қыдырәлі Болманов кішкентай ұлына көлік айдатамын деп, жұрттан сөз естіп қалды. Осынау сәттегі видеоны ол өзінің Instagram-парақшасында бөліскен.
Продюсер демалыс күнінде ұлдарын өзімен бірге балық аулауға ертіп шыққан. Көлік аз жүретін жолда рөлдің тізгінін ортаншы ұлына беріпті.
«Алла бере салған «балапандарымды ертіп», балыққа шықтық. Жақсы демалыс тілейміз!», – деп жазған Қыдырәлі Болманов.
Видеода Болманов ұлына жол ережелерін үйретіп отырғаны естіледі. Алайда, желі қолданушылары кәмелеттік жасқа толмаған балаға көлік айдатқаны үшін продюсерге ашуланды. Олар кішкентай балаға көлік тізгінін беріп жаман үйрететін ата-аналардың өздері екенін жазған.