Әнші Серікбол Сайлаубек қара көзілдірігін не үшін тастамайтынын түсіндірді. Айтуынша, бір көзі мүлде көрмейді екен. Бұл туралы ол «Хабар» арнасынан шығатын бағдарламалардың бірінде сөз қозғады.
Сайлаубекке әнші әріптесі Тоқтар Серіков «Сайлаубек, сені мақтағанда төмен қара» деп ескерту жасады. Ал әнші болса, сәл ыңғайсызданып, әріптесіне ақтала кетті.
«Көбісі білмей жатады ғой. Бір көзім бала күнімнен көрмейді. Екінші көзім нашар көреді. Көзілдірігім қара болғанымен минус 5. Сондықтан да айып етпеңіздер», – деді ол.