Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаеваға 17 жастағы ұлы талап қойды. Ол анасының болашақ жар іздеуде үш нәрсеге көңіл бөлуі қажет екенін айтқан. Бұл жайында әнші өзінің Instagram-парақшасында жазды.
«Кеше 17 жасар баламның маған берген ақылы: 1. Аса байды іздеме! 2. Жылы адам болсын! 3. Сен оны жақсы көруің керек!», - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Бұл ретте желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаеваның ұлы нағыз ер азамат екенін айтып мақтады.
Айта кетсек, Нұрғиса Болатұлы «Білім-инновация лицейінде» білім алып жатыр.